Қоғам
Тренд

«TikTok лаңы»: бетімен кеткен треш-стримерлер бірінен соң бірі қамауға алынып жатыр

Интернет пен әлеуметтік желілерде заңға қайшы контент таратқаны үшін 20-дан астам блогер мен стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олар қаралым мен жазылушы санын көбейту мақсатында бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктар ұйымдастырып, өзгелерді қорлаған.

“Мұндай контенттің күн сайын кең аудиторияға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok желісіндегі тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер қолданған. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Талдықорғанда және Түркістанда осындай құқық бұзушылықтарға жол берген блогерлерге айыппұл салынды. ІІМ мұндай заңсыз контентті анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

«Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Қасенова TikTok-тағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Бұған дейін де осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған ол бұл жолы әкімшілік айыппұл алды.

Одан бөлек ведомство мәліметінше өзге де блогерлерге айыппұл салынғаны айтылды.

“Павлодар қаласында 26 жастағы Аслан Амантаев көлік тізгінінде отырып тікелей эфир жүргізген, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Соттың шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Түркістан қаласында «bayan_kyz», «fatima.sh0000» және «fatima_s003» никнеймдерімен танымал Баян Шанкеева жауапкершілікке тартылды. Ол тікелей эфирлерде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен. Сот оған әкімшілік айыппұл тағайындады”, – деп хабарлады полиция өкілдері.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button