Қоғам

«Wildberries Қазақстаннан 100 мың шаршы метр қойма іздеп жатыр» — БАҚ

Ресейде тағы бір Wildberries қоймасы отқа оранды.

Ресейдегі ірі маркетплейс Wildberries (RWB тобы) Украинаның дрон шабуылдарынан кейін логистикалық қуаттарын Қазақстанға көшіруге кіріскен сыңайлы. Компания Қазақстандағы барлық қолжетімді бос қойма алаңдарын іздей бастаған. Бұл туралы «Коммерсантъ» басылымы хабарлады.

Дерек көзінің жазуына қарағанда төрт түрлі дереккөзі осылай хабарлаған. Олардың бірінің мәліметінше, сөз 100 мың шаршы метрлік ірі блок туралы болып отыр.

Тағы бір сұхбаттасушы Қазақстандағы ұсыныстың шектеулілігіне байланысты компания кез келген қойманы алуға дайын екенін айтқан. Себебі Қазақстанда Қазақстанда ірі бос блок табу оңай емес.

RWB тобының қоймалары 18 шілдеден бастап ҰҰА-ның жаппай шабуылдарына ұшырады. Залал шеккен нысандар Санкт-Петербург, Мәскеу облысы, Қырым, Тамбов, Воронеж облыстары, Ставрополь және Краснодар өлкелерінде орналасқан.

Бұған дейін кемінде 444 мың шаршы метр (жалпы логистикалық алаңның 8%-ы) істен шыққаны белгілі болды. Wildberries Ресейдегі ең ірі маркетплейс болып саналады. 2025 жылы айналымы 49%-ға өсіп, 6,1 трлн рубльге жетті, таза пайдасы 68%-ға артып, 175 млрд рубльді құрады.

Қазір компанияның жалпы ауданы 5,6 млн шаршы метрді құрайтын 209 логистикалық нысаны бар.

Ресейдің Ленинград облысында орналасқан Wildberries компаниясының тағы бір логистикалық қоймасында өрт шықты. Ресей билігінің мәліметінше, өртке украиналық дрон шабуылы себеп болған. Салдарынан үш адам жарақат алып, компания өңірдегі екі қоймасының жұмысын уақытша тоқтатты.

Бұл – шілде айының ортасынан бері Wildberries қоймаларына жасалған кезекті шабуыл.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button