Экономика

АҚШ Қазақстаннан әкелінетін кейбір тауарларға 12,5% кедендік баж енгізді

Жаңа талап 2026 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енді.

АҚШ Қазақстаннан импортталатын жекелеген тауарларға қосымша 12,5% кедендік баж енгізу туралы шешім қабылдады.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, шешім АҚШ-тың 1974 жылғы Сауда туралы заңының 301-бөлімі аясында жүргізілген тергеу нәтижесінде қабылданған. Жаңа талап 2026 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енді.

Сонымен қатар, АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен ерекше тауарлар тізіміне енген өнімдерге бұл қосымша баж қолданылмайды.

Ведомство бұған дейін қолданылған 10% уақытша импорттық үстеменің 150 күндік мерзімі аяқталғанын атап өтті. Сондықтан бұрынғы 10%-дық үстеме жаңа 12,5%-дық бажға қосылмайды.

Сауда және интеграция министрлігінің есептебі бойынша, Қазақстанның АҚШ-қа экспорттайтын өнімдерінің шамамен 95%-ы жаңа кедендік баждан босатылады.

Министрлік қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау мақсатында АҚШ-пен келіссөздерді әрі қарай жалғастырып, өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу бағытындағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button