Интеллект дәуірі

Астана-Бурабай бағытында аэротакси қызметі іске қосылуы мүмкін

Астанадағы аэротакси алғашқы сынақ кезінде 24 шақырым қашықтықты еңсерді.

Сынақ барысында тік көтеріліп, қайта қонды, көлденең бағытта ұшты және арнайы белгіленген аумақты айналып өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сынақ барысында аэротаксидің навигациясы, ұшу тұрақтылығы және басқару жүйесі тексерілді. Сондай-ақ әуе кемесінің толық автоматты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі көрсетілді. Компания өкілдері болашақта жолаушыларды тасымалдау кезінде аэротакси ұшқышпен бірге ұшатынын айтты. Әр рейс алдында әуе кемесі толық техникалық тексеруден өтеді.

Alatau Advanced Air Group компаниясының жоба менеджері Данияр Өтеулиннің айтуынша, жаңа көлік түрі үлкен қалаларда жол жүруге кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

Бәрі сәтті өтіп жатса, болашақта аталмыш такси қызметі Астана-Бурабай арасын жалғауы мүмкін. Жоба менеджерлерінің бірі Сергей Хегайдің айтуынша, жүйе ешқандай ақаусыз, ауқымды түрде жұмыс істеген кезде басқа өңірлерге ұша бастайды.

«Астана – Бурабай» бағыты жоспарда бар, бірақ бұл туралы айту әлі ерте. Қазіргі негізгі мақсатымыз – бақылау желісін (волоколатау), тестілік орта инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ бұл жүйені Алматы қаласына және кейіннен Алматы өңіріндегі туристік нысандар тобына кезең-кезеңімен, біртіндеп енгізу.

Бұл жүйе ешқандай ақаусыз, ауқымды түрде жұмыс істеген кезде ғана басқа өңірлерге кеңейеді. Қазір жоғарғы әуе деңгейі жұмыс істеп тұр, ал біздің міндетіміз – төменгі әуе деңгейін, одан кейін ортаңғы әуе деңгейін құрып, осының барлығын өзара интеграциялау. Осының бәрі біртұтас жүйеге біріккенде ғана ол басқа өңірлерге кеңейе бастайды», — дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button