Қоғам

«Елімнің паспортын соғыстан қашып келген Ресей азаматтары алмасын!» — Елдос Тоқтарбай

Өз қазағыңды жылатып, келімсекке азаматтық беріп, жарылқағаныңды қалай түсінейін?! Көк паспорт құны, қадірі түспесін!

Алаштанушы, жазушы, жас ғалым  Елдос Тоқтарбай Қазақстан азаматтығын беру тәртібін сынап, Әлеуметтік желіде пост жазды, деп жазды деп хабарлайды tiek.kz. 

Жазушы өз жазбасында соғыстан кейін Ресейден келген азаматтардың Қазақстан азаматтығын алуына қарсылық танытып, бұл мәселеде алдымен тарихи Отанына оралған қандастардың мүддесіне басымдық берілуі қажет екенін айтты.

Елімнің көк паспортын соғыстан қашып келген ресей орыстарының алуына қарсымын! Ресей орыстарының оп-оңай ҚР Азаматы атануына қарсымын! Көк паспорт сатылмасын!

Қандастарымызды өзектен теуіп, жылатып, құжат бермей жатқан, ей, Үкімет, есіңді жи! Өз қазағыңды жылатып, келімсекке азаматтық беріп, жарылқағаныңды қалай түсінейін?! Көк паспорт құны, қадірі түспесін! — деп жазды жазушы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Yeldos Toktarbay (@yeldos_alash)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button