«Баспанасыз қалды: Астанада 13 жылдан бері көше тазалаушы болып істейтін ана көмек сұрайды

Әлеуметтік желіде еріктілер баспанасынан айырылған анаға көмек жинап жатыр. Еріктілердің айтуынша, Бейбіткүл Қасымқызы — Елорданың тазалығы мен сәулетіне жылдар бойы өлшеусіз үлес қосып, қала тұрғындарының жайлылығы үшін қыстың аязы мен жаздың аптабында тынбай еңбек еткен жандардың бірі. Ол Астана қаласында тапжылмастан 13 жыл бойы көше тазалықшысы (аула сыпырушы) болып еңбек етіп келеді.
Алайда, өзгелердің қоршаған ортасын гүлдендіріп, таза ұстауға өмірін арнаған еңбек адамы бүгінде өзі үлкен қайғыға тап болып, көмекке мұқтаж болып отыр. Нақты айтар болсақ, жалғыз баспанасынан айырылып қалған. Жалғыз түнде маңдай терімен, жылдар бойы жинаған бейнетімен тұрғызған жалғыз баспанасы тілсіз жаудың шеңгеліне ілініп, толықтай өртеніп кеткен.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
«Көптің көмегімен кез келген қиындықты еңсеруге болады. 13 жыл бойы бас қаланың тазалығы үшін тер төккен анамызды осындай қысылтаяң шақта жалғыз қалдырмау – баршамыздың азаматтық әрі адами парызымыз. Бейбіткүл Қасымқызының басына түскен бұл ауыр жағдайға бей-жай қарамай, қолдан келгенше материалдық және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.», — дейді еріктілер.
Көмек көрсету үшін реквизиттер:
• Kaspi Gold: +7 777 307 2124 (Айкөркем У.)
Байланыс және нақты ақпарат алу телефондары:
• +7 778 495 7487
• +7 775 720 7510
Маңызды өтініш: Егер қаржылай көмектесуге мүмкіндігіңіз болмаса, бұл ақпаратты барынша кеңінен таратып (репост жасап), топтарға бөлісуіңізді сұраймыз. Сіздің бір ғана бөліскен хабарламаңыз Бейбіткүл ананың қайтадан баспаналы болуына үлкен себепкер болуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



