«Әскери полигондар шаруаларға берілуі тиіс» — генерал

Ауыл партия сиезінде ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығына қатысты тағы бір маңызды бастама көтерілді. Сиезден кейінгі кулуарда Генерал Қажғали Мұқанов әскери қажеттіліктерге бөлінген орасан зор аумақтар бос тұрмауы керек екенін айтты, деп хабарлайды tiek.kz.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер полигон астындағы жерлерді пайдалана алуы үшін, осы мәселені шешетін құқықтық негіздерді табу керек. Бұл да шешілуі тиіс мәселе деп ойлаймын», — дейді генерал.
Айтуынша, мұндай аумақтар бос жатпауы тиіс. Яғни мемлекет фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге әскери полигондардың қарамағындағы жерлерді заңды түрде пайдалануға мүмкіндік беретін құқықтық базаны әзірлеуі қажет.
Партия мүшесінің пікірінше, бұл жер мәселесі әлдеқашан пісіп-жетілген және тез арада заңнамалық шешімді талап ететін мәселе.



