Қоғам
Тренд

Тоқаев халықты Астана күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Астана күні мерекесімен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаевтың сөзінше, қазірде Астана тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналып, заманауи басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» ретінде дамып келеді. Ол Астана күні қарсаңында күшіне енген жаңа Конституция билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғыртуға жол ашқан маңызды кезеңнің бастауы деп атаған.

Президент Астананың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң қаланың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін нығайтып, мемлекет дамуындағы айрықша маңызын айқындай түсті дейді.

Тоқаевтың айтуынша, Астана жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық мәдениеттің үлгісі болуы тиіс.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button