Қоғам

«Сүйінші, біз Қазақпыз»: Ресейлік блогер Қазақстан азаматтығын алды

Ресейлік блогер Иван Червинский Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаны белгілі болды. 

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнеролик арқылы мәлімдеді. Видеода блогер Ресей төлқұжатын көрсетіп, кейін Қазақстан Республикасының төлқұжатын кадрға көрсеткен.

«Сүйінші! Біз қазақпыз! Алға, Қазақстан!» – деп жазды ол жазбасына.

Иван Червинский «Алға, Қазақстан» авторлық жобасының негізін қалаушы ретінде танымал. Ол бірнеше жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button