Қоғам

«Намазы жоқ, кәпір» деп ата-анасының жаназасына қатыспаған адам жұртқа уағыз айтып жүр» — теолог

Белгілі дінтанушы, теолог Ұлықбек Алиакбарұлы әлеуметтік желідегі парақшасында өзі танитын бір діндардың адам шошырлық сұмдық әрекетін айтып, діншіл қауымның ішіндегі кейбір сорақылықтарға тоқталды деп жазады Democrat.kz.

Теолог Ұлықбек Алиакбаров Сауд Арабиясында жүрген кезінде бізден сол жаққа барған, дін жолын ұстанған кей кісілердің адамгершілікке жатпайтын әрекеттерін өз көзімен көргенін айтады.

«Саудияда жүргенімде, сол жерде қазақша, өзбекше уағыз айтып жүрген бір жігіттің ата-анасы қайтыс болды деген хабар келді. Бірақ уағызшы ешбір жаназаға бармады. Арада бірнеше жыл өткенде, паспортының мерзімі біткенде, құжатын ауыстырып, елге келіп кетіп қалды.

Сонда сол жігіттің уағызын тыңдап, дін ілімін үйреніп жүргендердің бірінен «ата-анасы қайтыс болғанда, жаназасына келмеген ондай адамнан не үйренесің?» деп сұрадым. Үлгере алмады деу — сылтау емес. Қазір ұшақ бар. Әрі кетсе,  сағатта жетіп келуге болады.

Сонда әлгілерден алған жауабым мынау болды: «менің әкем мен шешем намаз оқымаған». Яғни, ондайлар үшін намаз оқымаған адамның жаназасына барудың керегі жоқ екен», — деп басын шайқаған теолог діни кітапты, діндарларды тыңдамас бұрын жан-жақты зерттеп, аудармасын жасап, түсініп оқу керегін айтады.

@aliakbarulyАта-анасының жаназасына келмеген адамнан не үйренесің?

♬ оригинальный звук — ulykbek_aliakbaruly

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button