Саясат
Тренд

Тоқаев Құрылтай сайлауын әділ әрі ашық өткізуге шақырды

Құрылтай сайлауы тамыз айының 23-не тағайындалуы мүмкін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында биылғы тамыз айында өтетін Құрылтай сайлауы ашық, әділ және адал бәсекелестік жағдайында ұйымдастырылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің қоғамдық-саяси дамуындағы тарихи кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, осыған байланысты Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қойылады.

Президенттің сөзінше, бұл саяси науқан партиялар арасындағы бәсекелестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылар үшін тең әрі әділ бәсекелестік қағидаттары сақталуы қажет.

Айта кетсек, кейбір дереккөздердің мәліметінше Құрылтай сайлауы тамыз айының 23-не тағайындалуы мүмкін.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button