Қоғам

Жанықұлов бұрынғы әйеліне 6 млрд теңгенің мүлкін қалдырған

Әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов пен оның бұрынғы жары Жанна Жанықұлованың ажырасуына қатысты талқылаулар әлі де толастар емес, деп хабарлайды Politico.kz.

Бүгінде көпшілікті әсіресе ерлі-зайыптылардың айырылысу кезінде қандай мүлік пен қаржыны бөліске салғаны қызықтырып отыр. Ресми құжаттар ашық жарияланбағанымен, бұл мәселеге байланысты қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова өз парақшасында жұрт назарын аударған бірқатар маңызды мәліметтерді бөлісті.

​Қоғам белсендісінің айтуынша, осыдан үш жыл бұрын жасалған неке шартын бұзу туралы келісім аясында Жанна Маратқызына өте қомақты активтер берілген. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның меншігіне Алматы қаласындағы нарықтық құны шамамен 3 миллиард теңгені құрайтын элиталық жылжымайтын мүлік, 3 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол қаражат, ай сайын төленетін 5 миллион теңге тұрақты жәрдемақы, сондай-ақ балалардың шетелде білім алуына арналған 1 миллиард теңге аударылған.

​Бұдан бөлек, тараған мәліметтерде неке келісіміне сәйкес Жанна Жанықұлованың ортақ бизнеске қатысты банктер мен өзге де кредиторлар алдындағы көп миллиардтық қаржылық міндеттемелерден толық босатылғаны айтылады. Егер бұл деректер ресми түрде расталса, екіжақты келісімнің жалпы құны 6 миллиард теңгеден асып жығылуы мүмкін. Дәл осы ауқымды сандар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып, бұл оқиғаның жай ғана ажырасу емес, алдын ала мұқият жоспарланған ірі қаржылық мәміле болуы мүмкіндігі туралы сауалдарды алға тартты.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button