«Әкем зорлады»: Желіде шу шығарған блогер қыздың үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)

Тікелей эфирде әкесінен зорлық көргенін айтып, шу шығарған блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар тараған еді. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын айтқан.
Сондай-ақ ол эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстып, кейбір танымал адамдардың аты-жөнін атап, жайсыз пікірлер таратқан.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді.
Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын хабарлаған.
Тараптардың барлық уәждері тексерілетін болады. Сонымен қатар, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Сондай-ақ бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.
Полиция мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Кез келген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер құқықтық бағалауға жатады және олар үшін әкімшілік те, қылмыстық заңнамада да көзделген жауапкершілік қарастырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



