«Назарбаевты басшы ету керек» деп Горбачевті Айтматов көндірген

«Назарбаевты басшы ету керек» деп Горбачевті Айтматов көндірген. Бұл туралы қырғыз қаламгерінің ұлы Эльдар Айтматов бұл туралы журналист Асхат Ниязовқа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, ол уақытта Қазақстан Компартиясы бірінші хатшысын тағайындау бойынша шешім шығып қойған.
«Сол кезде әлдеқандай кандидатура болды. Назарбаев Айтматовқа Горбачевпен кездесу ұйымдастырып беруін сұрады. Ал Горбачев оны қабылдамаған еді. Нұрсұлтан Назарбаев қабылдау бөлімінде отырып, кездесуді күтті», – деді ол.
Оның сөзінше, сонда әкесі Михаил Горбачевтен Назарбаевты қабылдап, қандай да бір шешімге келер деп қолқа салған.
«Сонда Айтматов Горбачевқа егер бұл қызметке басқа біреуді қойса, соңы әлдеқандай толқуларға әкелетінін айтты. Сол үшін де Айтматов осындай шешім қабылдануына себеп болды», – деді жазушының ұлы.



