Қоғам

Көкшетаудағы жол апаты: Аулада әйелді басып кеткен жүргізушіге үкім шықты

Көкшетау қалалық соты жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырып, жаяу жүргіншіні өлімші етіп қаққан әйелді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Алайда оның кішкентай екі баласының болуына байланысты жазаның атқарылу мерзімі 3 жылға кейінге шегерілді.

Сот отырысында айыпталушы күйеуінің денсаулығы кенеттен сыр бергендіктен, амалсыздан көлік тізгініне отырғанын алға тартты. Өз кезегінде, көлік иесі саналатын жұбайының әйеліне рульді рұқсатсыз бергеніне қатысты іс бөлек өндіріс ретінде қаралмақ.

Сот үкім шығару барысында бірнеше жеңілдеткіш мән-жайларды негізге алды. Олардың қатарында сотталушының жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, асырауында жас балаларының болуы, келтірілген моральдық зиянды өз еркімен толық өтеуі және бұған дейін заң бұзбағаны ескерілді. Бұған қоса, жәбірленуші тарап та айыпталушыға ешқандай материалдық немесе моральдық кінә артпайтынын жеткізіп, оны темір торға қамамауды сұраған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button