Экономика
Тренд

1 шілдеден бастап теңгенің атауы өзгереді

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының ресми құжаттарының орыс тіліндегі нұсқасында ұлттық валютаның атауы «тенге» емес, «теңге» болып жазылады.
Өзгеріс жаңа Салық кодексіне енгізілген терминологиялық түзетулер аясында жүзеге асырылады.
«Бұл норма тек құжаттардағы жазылу үлгісіне қатысты. Ақша реформасы, деноминация, банкноттар мен монеталарды ауыстыру қарастырылмаған. Өзгеріс азаматтардың қаражатына, банк операцияларына және қаржы жүйесінің жұмысына әсер етпейді, — деп жазады инбизнес.кз сайты.
Мақсат – мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қаржылық терминологияны біріздендіру.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button