Спорт
Тренд

Назым Қызайбай Қытайда өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы.

Боксшымыз Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы 54 келі салмақ дәрежесіндегі финалда италиялық Сирин Чараабимен кездесті.

Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы. Ол бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button