Қоғам

«Жаманбайдың баласымын»: Ауғанстандағы қазақ кәсіпкері елге сәлем жолдады

Ауғанстанның Мазари-Шариф жағында Сауда-өнеркәсіп палатасының сыртқы істер комиссиясының бастығы қызметін атқарамын.

Қаландар Рахим сонау 17-18 ғасырларда Түркістаннан Ауғанстанға көшіп келген қазақтардың ұрпағы. Бүгінде Қазақстаннан бидай өнімдерін тасымалдап, кәсіп жасап отыр екен.

«Мен Ауғанстанда туып-өстім. Руым — Қоңырат, оның ішінде Жаманбайдың баласымын. Аталарымыз ертеректе Қазақстаннан барып, сонда қоныстанған екен.

Өзім бизнесменмін, Ауғанстанның Мазари-Шариф жағында Сауда-өнеркәсіп палатасының сыртқы істер комиссиясының бастығы қызметін атқарамын. Қазақстаннан ескі фураларды алдырамын, ал бұл жақтан Қазақстанға анар шырыны сияқты тауарларды экспорттаймыз. Жұмысымыздың бағыты – осы», — дейді Қаландар Рахим.

Айтуынша, Ауғанстанда тұратын қазақтар саны аз емес. «Қазақтар бар, әрине. Бірақ өте көп емес, көбі ертеден бері басқа ұлттармен араласып, сіңісіп кеткен. Мәселен, дәлі қазір осы жерде төрт қазақ тұр.  Бір кісі — Қаңлы (оның ішінде Сарықаңлы), бір кісі — Қожа, ал қалған екі кісі — өзіміздің Жаманбайдың балалары», — дейді кәсіпкер.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button