Экономика

Air Astana-дан кеткен Питер Фостер Турловтың командасына қосылды

Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы Питер Фостер жаңа қызметке тағайындалды. Нақты айтар болсақ, Тимур Турловқа тиесілі Alatau Air Cargo жүк тасымалдаушы әуе компаниясының тәуелсіз директоры болып сайланды.

«Тасымалдаушы акционерлерінің шешімімен Директорлар кеңесі (ДК) толығымен жаңартылды. Осы жылдың 30 қаңтарында бекітілген алдыңғы құрамның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жаңартылған кеңесті Тимур Турловтың өзі басқарады. Питер Фостер мен  Сергей Анашкин тәуелсіз директорлар болып кірсе, Ерлан Қойшыбаев, Сергей Швалов, Айбек Қапар бастаған үшеу кеңес мүшелері болып сайланған»,- деп жазады Forbes Kazakhstan.

 Басылымның жазуынша, директорлар кеңесін ауыстыру туралы шешім 2026 жылғы 22 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған. Сонымен қатар, 10 маусымда компанияның атауы KTZ Air Cargo-дан Alatau Air Cargo болып өзгеріп, заңды мекенжайы Астанадан Қарағанды облысына ауыстырылды.

 Питер Фостер Air Astana авиакомпаниясын 21 жыл бойы басқарып, 2026 жылғы 31 наурызда қызметінен кеткен болатын. Оның орнына бас атқарушы директор болып Ибрахим Жанлыел тағайындалды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button