AMANAT партиясының орталық аппарат ғимаратындағы маңдайша жазуы «Әділет» деп ауыстырылып жатыр.
Маңдайшадағы жазудың ауысқанын NEGE журналисі байқаған.
Өңірлік тілшілердің мәліметінше, дәл осындай процесс аймақтарда да жүріп жатыр.
Бұған дейін «Әділет» партиясы саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы AMANAT-тың «Әділетке» қосылуын заңдық тұрғыдан рәсімдеу шамамен жарты жылға созылуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.



