
Мемлекет басшысы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын арнайы барып көрді, деп хабарлайды tiek.kz.
Мемлекет басшысының айтуынша, жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатары жаңа төлмен толыққан. Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда құлындаған екі биенің төлін тамашалап, жаңа туған құлындарға Ақниет және Бөрте деп атады.
“Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім. Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым. «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім”, – деп жазған Тоқаев өз жазбасында.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға тартылған жылқыларды арнайы барып көрген еді. Сол кезде Мемлекет басшысы ақалтеке тұқымының құлындарына Ақжан және Ақниет деген ат қойып, кейде атқораға өзі келіп, жылқыларға өз қолымен жем беретінін айтқан еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



