Қоғам

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды.

Полицияның хабарлауынша, тексеру барысында күдіктінің сөмкесінен жалпы салмағы 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет тәркіленген.

Бұған қоса есірткі заттарын бөліп орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер анықталған.

Сондай-ақ қыздың жалдамалы пәтерін тексерген кезде әрқайсысының салмағы бес грамм болатын 32 орама есірткі заты тәркіленген.

«Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Қыз қала аумағында синтетикалық есірткі таратты деген күдікке ілініп отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button