Қоғам

Құрылтай сайлауы: мұғалімдер демалыстан ерте шақыртыла ма және оларға қанша төленеді?

Алдағы келе жатқан Құрылтай қарсаңында мұғалімдер демалыстан ерте шақыртыла ма және оларға қанша төленеді? Тілшіміз Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мүшесі Михаил Бортникпен тілдесіп, алдағы Құрылтай сайлауы қалай ұйымдастырылатынын және бұл басым бөлігі мұғалімдерден тұратын учаскелік комиссия мүшелеріне қалай әсер ететінін біліп қайтты.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, Құрылтай сайлауы педагогтардың заңды демалысына нұқсан келтірмейді.

«Комиссия мүшелерінің толыққанды демалып үлгеруі үшін сайлауды тамыз айының ортасынан ерте емес немесе айдың екінші жартысында өткізу жоспарланып отыр. Ал сайлау алдындағы дайындық жұмыстарына, соның ішінде арнайы семинарларға, тестілеу мен оқыту шараларына мамандарды науқанға шамамен 20 күн қалғанда ғана тарту көзделуде», — дейді Бортник.

Сондай-ақ ол бұл ретте әрбір маманның жағдайы ескеріліп, жеке тәсіл қолданылатын атап өтті. «Ең бастысы, сайлау кезеңіндегі жұмыс үшін комиссия мүшелеріне тиісті жалақы төленеді. Қорытынды сома тікелей жұмыс істеген күндердің санына байланысты болады, сонымен қатар демалыс күндері атқарылған еңбек үшін жоғарылатылған коэффициент есептеледі», — дейді ол.

Михаил Бортниктің сөзіне сүйенсек, өткен референдум кезінде комиссия мүшелерінің еңбекақысы 100 мың теңгеден асқан, ал алдағы сайлаудағы орташа табыстың нақты мөлшері науқан жақындағанда белгілі болмақ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button