Қазнет іздеген курьер-ана табылды
Үш күн бойы Қазнет қолданушылары жаппай іздеу салған жас ана ақыры Алматы қаласынан табылды.

Үш күн бойы желіде қызу талқыланып, жұрт жаппай іздеген курьер келіншек Алматыда табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде кішкентай сәбиін құшақтап, арқасына үлкен сөмке асып алып тапсырыс тасып жүрген курьер келіншектің фотосы тарап, жұрттың назарын аударған еді. Үш күн бойы Қазнет қолданушылары жаппай іздеу салған жас ана ақыры Алматы қаласынан табылды.
Оны кездейсоқ байқап қалып, мән-жайды сұрап білген – жергілікті мейрамханалардың бірінде жұмыс істейтін Алмат Несіпқалиев есімді азамат өзінің Threads парақшасында айтты.
Бұл жағдайға бейжай қарай алмаған мейрамхана қызметкері қолынан келгенше көмектесуді ұйғарады. Ол өзінің сол күнгі бір күндік табысын толығымен курьер келіншекке беріп, одан жұмысты тоқтатып, үйіне барып демалуын өтінген.
Сондай-ақ, Алмат Несіпқалиев көпшілікке үндеу жолдап, барша қазақстандықтарды қиын жағдайға тап болған жас отбасыға қолдау білдіріп, көмек қолын созуға шақырды. Қазіргі таңда бұл бейнежазба желіде кеңінен тарап, көптеген адам жас анаға жәрдемдесуге ниет білдіріп жатыр.
@ordaqazaqsҮш күн бойы желіде қызу талқыланып, жұрт жаппай іздеген курьер келіншек Алматыда табылды. Оны мейрамхана қызметкері Алмат Несіпқалиев көріп қалып, мән-жайды білген. Ол алғашында әйелдің қолындағы шынайы сәби екеніне сенбеген. Соңынан барып тілдескенде, баланың небәрі 3-4 айлық екенін көреді. Келіншек күйеуінің табысы отбасын асырауға жетпегендіктен, амалсыздан баласымен бірге тапсырыс тасуға шыққанын айтқан. Ер адам онымен сөйлескен сәтін желіге жүктеді. Жас ананың жағдайына алаңдаған Алмат оған өзінің бір күндік табысын беріп, үйіне барып демалуын өтінген. Сондай-ақ, ол көпшілікті бұл жағдайға бейжай қарамай, мұқтаж отбасыға қол ұшын созуға шақырды.



