Экономика

«Қартайғанда зейнетақысыз қаласыздар»: Ұлттық банк төрағасы ескерту жасады

Қазір бәрін мерзімінен бұрын алып қойсақ, қартайған шақта өмір сүруге қаражатымыз қалмайды.

Зейнетақы қоры тұрғын үйге арналған жинақ емес. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Зейнетақы қорындағы басы артық қаржыны шешіп алуға асықпауға шақырды, деп хабарлайды tiek.kz.

Айтуынша, бұл – азаматтардың зейнет жасына дейін қалыптастыратын жеке зейнетақы шоты. Ол болмаса, ертең қартайғанда зейнетақысыз қалуыңыз мүмкін.

«Жалпы, зейнетақы жүйесінің ең басты міндеті мен мақсаты — біз зейнет жасына келгенде, осы жинақталған қаражаттың арқасында күн көру. Өйткені зейнетке шыққанда бізде басқа ешқандай табыс көзі болмайды, тек осы жинаққа сүйеніп өмір сүреміз. Егер қазір белсенді жұмыс істеп жүргенде қаражат жинасақ, дербес шотымызда қомақты сома қалыптасады. Ал егер қазір бәрін мерзімінен бұрын алып қойсақ, қартайған шақта өмір сүруге қаражатымыз қалмайды. Бұны әрдайым еске салып, ескертіп отыру қажет», — дейді  Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ ол жеткілікті шегінің көтерілуі БЖЗҚ-дағы қаржылық қиындықтарға байланысты деген сыбыстардың негізсіз екенін атап өтті.

«Мүлдем олай емес. Қазіргі таңда Зейнетақы қорында 26,7 триллион теңге жатыр. Сондықтан «ақша қайда?» деп сұраудың реті жоқ. Қорда қаражат жеткілікті, ешқандай тапшылық жоқ», – деп атап өтті ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button