Қоғам
7 жасар Бақтыбай халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды tiek.kz.
Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 1-сынып оқушысы, 7 жасар Бақтыбай Мұхаммед Түркияның Анталия қаласында өткен VIII Халықаралық FEMO математика олимпиадасында 2-орын алып, күміс медаль қанжығасына байлады.
Халықаралық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 560 оқушы қатысқан.
Мұхаммед өзінің тым жас екендігіне қарамастан, математикалық дайындығының жоғары деңгейін көрсетіп, Қазақстанның намысын халықаралық аренада лайықты қорғап шықты.



