Атырау қаласының әкімін жиналыс алдында ҰҚК қызметкерлері алып кеткен
Сол секілді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат шықты.
Желіде қаласының әкімі мен орынбасары ұсталды деген ақпарат тарады.
Ақ жайық басылымының хабарлауынша, қала әкімі Шакир Кейкинді облыстық әкімдік ғимаратында басталуы тиіс жиын алдында ҰҚКД-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері алып кеткен.
Дереккөздердің айтуынша, ол қылмыстық іс аясында жауап алуға жеткізілген. Ұзамай жауап алу аяқталған соң Шакир Кейкин үйіне жіберілген.
«Оның процессуалдық мәртебесі мен тергеу нәтижелері туралы ресми түсініктеме әлі берілген жоқ. Редакция құзырлы органдардан ресми ақпарат күтуде. Әзірге тергеудің нақты мән-жайы мен әкімнің процессуалдық мәртебесі туралы ресми ақпарат жоқ», — деп жазған аталмыш дерек көзі.
Сол секілді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Тергеумен ҰҚК Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айналысып жатыр.
Іс материалдарында 40 миллион теңге көлеміндегі сома және екінші күдікті ретінде «Қалалық тұрғын үйлерді коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің бас директорының орынбасары Бейбіт Мағзұмовтың көрсетілгені белгілі.
Дереккөздерге сүйенсек, ұсталғаннан кейін Мұқасов процессуалдық келісімге қол қоюға ниет білдірген, алайда кейін бас тартқан.



