Қоғам

«Алтауы шетінеді, үшеуін алдырып тастадым»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттан кейін тоғыз сәбиімнен айырылғанын айтты (ВИДЕО)

Айтуынша, ол Қайратты дүниеге әкелген соң 9 рет сәбиі шетінеп кеткен.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ел естімеген құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айтуынша, ол Қайратты дүниеге әкелген соң 9 рет сәбиі шетінеп кеткен.

«Іште баланы шетінеп кетті дейді ғой. Ағам қайтыс болған кезде Түркістанға телефон соқтым. Сөйтсем досының үйінде екен. Досының үйіне телефон соқсам орыс жеңгесі бар еді сол телефонды алды. Бірден «сіздің ағаңыз қайтыс болды» деді. Тіпті кім деп сұрамағанмын. Әр ағам көз алдыма елестейді, қайсысы екенін білмеймін. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Қатты уайымдағаннан, жаман хабар естігеннен ішімдегі балам шетінеп кетті. Оны алып тастағаннан кейін қайта-қайта көтеремін, қайта-қайта түсіп қалады. Ол кезде жатырдың ойнамалы болып қалатынын білмегенмін. Сонымен бірден 6 сәби шетінеп кетті. Кейін бір орыс әйел «6 айдан 1 жылға дейін демал. Жатырың ойнамалы болып қалған» деді. Содан кейін Аянды көтердім. Аяннан кейін тағы да 3 аборт болды», — деді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ФАРИЗА БАЙЕЛІ | Медиа-ПРОДЮСЕР (@fariza.baiely)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button