Қоғам
Тренд

Арман Шораевқа іздеу жарияланды

Арман Шораевты полицияға жеткізу қажеттігі көрсетілген.

Әлеуметтік желілерде Қосшы қалалық полициясы кезекші бөлімінде түсірілген видео тарады. Видео авторы ақпараттық тақтаны көрсеткен кезде құжаттардың арасынан белгілі журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты бағдарды байқаған, деп хабарлайды Orda.kz.

Іздеу парағын Көкшетау қалалық полиция басқармасы жасаған. Құжатта кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын келтіру туралы арыз бойынша тексеру аясында Арман Шораевты полицияға жеткізу қажеттігі көрсетілген.

Ведомство мәліметінше, 24 мамыр күні полицияға Көкшетау тұрғынынан арыз түскен.

«Аталған арыз бойынша бастапқы процессуалдық әрекет аясында өтініште көрсетілген азаматты жеткізу жөнінде жеке құрамға бағдар берілді»,  деп хабарлады полиция.

Полиция департаментінің мәліметінше, сол күні Арман Шораев өз еркімен полиция басқармасына келген.

«Оның қатысуымен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қажетті процессуалдық әрекеттер мен тексеру шаралары жүргізілді. Осыған байланысты азаматты жеткізу туралы бағдар өзектілігін жоғалтты»,  деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Осылайша, полиция мәліметіне сәйкес, бағдар тек арыз бойынша бастапқы тексеру жүргізу үшін жарияланған және қазіргі уақытта күшін жойған.

Журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораев бұл жағдайға әзірге пікір білдірген жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button