«Кофе ішіп, бос әңгіме айтады»: «Самұрық-Қазына» 700 қызметкерін қысқартып, 5 млрд теңге үнемдеген

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры өндірістік емес персоналды қысқарту арқылы 5 млрд теңге үнемдеп отыр. Бұл туралы қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды tiek.kz.
ЕАЭО отырысының кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген ол қор компаниялары тобында кадрлық оңтайландыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.
«Астана қаласындағы өндірістік емес персоналдың 11 пайызын қысқарттық. Жылдық үнем көлемі шамамен 5 млрд теңгені құрайды. Сандық көрсеткіш бойынша бұл 700 қызметкер», деді Нұрлан Жақыпов.
Оның айтуынша, бұл шаралар компаниялар тобының басқару тиімділігін арттырып, шығындарды оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылған.
Бұған дейін Тоқаев «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының құрылымын қайта қарау қажет екенін айтып, сынға алған болатын.
Президенттің айтуынша, қорда басқарушы кадрлар шамадан тыс көп. Олардың арасында түскі уақытта кафе мен қонақүйлерде отырып, жаңалық талқылап, интернетте уақыт өткізетін қызметкерлер бар.



