Қоғам

Астанада «Палау орталығы» өртенді

Ақпан айында Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан «Палау орталығы» кафесінде газ жарылып,  12 адам көз жұмған еді.

Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Палау орталығында» өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, нысан Бейсекова көшесіндегі сауда үйі аумағында орналасқан, деп хабарлайды Orda.kz.     

Өрт жеке тұрған ғимаратта шыққан. Жалын шатырды және асүй бөлмелерін шарпыған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 12 минут ішінде өртті оқшаулады. Жалпы 40 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан «Палау орталығы» кафесінде газ жарылып,  артынша өрт шыққан еді. Оқиға орнында алты адам қаза тауып, кейін құрбандар саны 12-ге жетті.

Қайғылы жағдайдан кейін кафе иесі екі айға тергеу изоляторына қамалды. Ал сәуір айында бұл іс бойынша тағы екі күдікті ретінде газ құю бекетінің директоры мен газ баллондарын жеткізуші ұсталған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button