
Facebook желісінде оғаштау бір жазба тарап жатыр. Кадрда жас қыздардың Алаш арыстарының ескерткішінің мойына аяғын салбыратып отырып алғанын көруге болады, деп хабарлайды tiek.kz.
Бұл жазба көпшіліктің қарсылығын тудырып жатыр. Көбі бұл көріністі қазақ қоғамына ұлт арыстарының рухына жасалған құрметсіздік ретінде қабылдағанын жазған.
Кейіннен бұл жазба белгілі тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімнің парақшасында жарияланғаны белгілі болды.
Тарихшының айтуынша, жазбаны өзі түсірген.
«Қаламгерлер аллеясында демалып отыр едім. Кенеттен мынадай келеңсіз іске куәгер болдым. Ашу қысып қасына жетіп барып «бұл тұлғалардың кім екенін білесіңдер ме?» десем,көздері адырайып «Что,что!» деуден ары аспады. Сөзіме дәлел ретінде олардың бұл топастығын видеоға түсіріп алдым. Еш ұялу,кешірім сұрау жоқ.
Бұл басыну ма әлде надандық па?», — деп жазған тарихшы өзінің facebook парақшасында.



