Қоғам

Астанада құрбандық шалу орындары бекітілді

Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді, деп хабарлайды tiek.kz.

Діни басқармасының ақпаратына сәйкес рәсім тек бес мамандандырылған алаңда жүргізіледі.

Яғни сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін Шанхай, Баракат, Жайлау базарларында және Шәушен шаруа қожалығы мен Алматы ауданындағы ет цехында құрбандық шалуға болады.

Еске сала кетейік, Айт намазы 27-і мамыр күні таңғы 6-да оқылады.

 Алаң:                                    Мекенжайы:
«Шанхай»                               «Алаш» тасжолы, 27/2
«Баракат»                              А-369 көшесі, 10
«Жайлау»                              «Алаш» тасжолы, Ц 313
«Шәушен» ШҚ                      «Алаш» тасжолы, 136 Б
«Ет-Хан» ет цехы                  Ақжар көшесі, 20

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button