Қоғам
Тренд

Ақтөбеде жасөспірім пакетке оралған сәби тауып алды

Ақтөбеде жасөспірім қаңырап бос жатқан аумақтан пакетке оралған жаңа туған сәбиді тауып алды. Нәресте ағаштардың арасында жатқан.

Жасөспірім дереу жедел жәрдем шақырады. Жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары сәбиді дереу емдеу мекемесіне апарған. Қазіргі таңда бейкүнә перзент ауруханада жатыр.

Дәрігерлердің мәліметінше, сәби ұл бала. «Салмағы 2,9 келі Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы тұрақты», — делінгенхабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, босану медициналық мекемеден тыс жерде, үй жағдайында өткен болуы мүмкін. Әзірге нәрестенің анасы анықталған жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға Жилгородок шағынауданында болған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button