Ақтауда құтқарушыларға арналған resort-кешені салынуда

Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында ТЖМ қызметкерлеріне арналған Қазақстандағы алғашқы «112 Resort Aktau» resort-кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл еліміздегі алғашқы құтқарушыларға арналған resort-кешені болмақ, деп хабарлады tiek.kz.
Жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов бастамасымен және қазақстандық құтқарушылардың жеке қорының қолдауымен іске асырылуда. Құрылысқа арналған жер телімі жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілді.
Бірінші кезеңде әкімшілік блоктың, капсулалық үйлердің, бассейндердің, спорт алаңдарының және серуендеу аймақтарының құрылысы қарастырылған. Алдағы уақытта кешен аумағында қонақ үй, SPA-орталық, теннис корты, пирс, воркаут-алаңы, дәмхана және отбасылық демалыс аймақтары салынады. Жоба құтқарушылар қызметінің ерекшеліктері мен жұмысынан кейін толыққанды қалпына келу қажеттілігін ескере отырып әзірленген.
База аумағында ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінен құралған әмбебап құтқару бөлімшесін орналастыру да жоспарлануда. Бұл тұрақты жедел әрекет ету дайындығын қамтамасыз етіп, жеке құрамның даярлығы мен қалпына келуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



