
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Әділет вице-министрі Ботагоз Жақсылықоваға қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды tiek.kz.
Әділет вице-министрі депутаттардың қазақша қойылған сауалдарына орыс тілінде жауап қатқан.
«Мен Әділет вице-министрі Ботагөз Шаймарданқызы қарындасыма ағалық ескерту айтпақшымын. Сіз Әділет вице-министрі ретінде Қазақстанда Мемлекеттік тіл Қазақ тілі екенін білмейсіз бе?!. Мемлекеттік тілде сұрақ қойған депутаттардың барлығына мемлекеттік тілде емес — орыс тілінде жауап бердіңіз! Тіпті, Мәжіліс депутаты Екатерина Смоляковның мемлекеттік тілдегі сұрағына да мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз?!!», — деп атап өтті Мәжіліс депутаты.
Сонымен қатар депутат министрліктен алдағы уақытта парламент қабырғасына қазақ тілінде еркін сөйлей алатын мамандарды ғана жіберуді сұрады.
«Келесіде парламентке келгенде Мемлекеттік тілді үйреніп келіңіз, немесе Әділет министрлігінде қазақша білетін адам бар шығар, мемлекеттік тілді білетін өкілді жіберсін!»,- деді Қазыбек Иса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



