АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қытайға бару үшін атын өзгерткен
Қытайды қатаң сынағаны үшін Бейжің тарапынан ол қатаң санкцияға ілініп, елге кіруіне тыйым салынған.

Батыс бақтарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио өткен аптада Президент Дональд Трамп пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің саммитінде басты тұлғалардың бірі ретінде бой көрсетуі үлкен жаңалық болып жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.
Себебі, Марко Рубио ұзақ уақыт бойы Қытайға қарсы қатаң ұстанымымен танымал болған және Бейжіңнің Гонконг пен Шыңжаңдағы саясатын ашық сынап жүрген саясаткер. Осыған байланысты оған Қытай үкіметі 2020 жылы санкция салып, елге кіруіне тыйым салған. Бірақ соған қарамастан ол АҚШ делегациясының құрамында Бейжіңдегі екі күндік саммитке барып отыр.
Сөйтсек, Дональд Трамптың өзімен бірге ертіп апаратын қонақтар тізімі Қытай СІМ корпусын аяғынан тік тұрғызыпты. Себебі, елге кіруіне тыйым салған есім бар. Сызып тастауға немесе «келмесін» деуге тағы негіз жоқ Ақыры Қытай шенеуніктері Рубионың оның есімін өзгерту туралы шешім қабылдайды. Осылайша оның есімі Lǔ Bǐ’ào деп өзгертіледі. Бұл өзгеріс Рубиоға Қытайға кіруге мүмкіндік берген.
Халықтар сарайында өткен келіссөздер кезінде Рубио өзгертілген есімі жазылған үстел тақтайшасының артында отырды.
Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тары мен ресми құжаттарында да қытай иероглифі қолданылған.
Кейбір БАҚ өкілдері 鲁 иероглифінің мағынасына назар аударған. Бұл иероглиф «ойланбайтын», «дөрекі», «ақымақ» немесе «қарапайым» деген мағына береді екен.



