Қоғам

Нөмірсіз көлік тізгіндеген ақын (ВИДЕО)

«Менің «мордиямды» (бет-әлпетімді) көргенде, «о, аға, сіз екенсіз ғой, жүре беріңіз» деп рұқсат береді», – дейді әзілдеп.

Желіде қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шахановтың көлік жүргізіп келе жатқан видеосы тарады. Жұрттың сағынышын тудырып жатқан бұл видео сәл ертеректе түсірілген. Жазба ақын, депутат Қазыбек Исаның YouTube парақшасында жарияланған екен, деп хабарлайды tiek.kz.

Видеожазбадан марқұм Мұхтар Шахановтың көлік жүргізіп келе жатқанын байқауға болады. Қасында ақын Қазыбек Иса отыр.  Ақын ағамыз сол баяғы аңғал қалпында әңгіме айтып келеді. Сөз арасында өзінің ұзақ уақыттан бері нөмірсіз көлік жүргізгенін айтады. Яғни соңғы 5-6 жыл бойы көлігіне мемлекеттік нөмір тақпай жүрген. Бұған басты себеп – жол ережесін бұзғаны үшін келетін қомақты айыппұлдар.

«Нөмірмен жүрсем, үнемі айыппұл төлеймін. Бір күнде 64 мың теңге төлеген кезім болды. Содан кейін нөмірін алып тастадым», – дейді ақын аңқылдап.

Қазыбек Иса «Тәртіп сақшылары нөмірі жоқ көлікті көргенде тоқтатпай ма?» деп сұрайды.

«Менің «мордиямды» (бет-әлпетімді) көргенде, «о, аға, сіз екенсіз ғой, жүре беріңіз!» деп рұқсат береді», – дейді әзілдеп.

Ақынның айтуынша, 20 жасынан бастап көлік жүргізген. Алғашқы тізгіндеген тұлпары «Жигули» болыпты.

Видео астына желі қолданушылары жылы лебіздерін білдірген. «Мұхтар ағамыздың көлігіне нөмірдің керегі жоқ қой. Ол кісінің өзі №-1 ші адам ғой» деп жазса, «Ағамызға бәрі жарасады, халқымызға сіңген еңбегі орасан зор!» деп пікір білдірген.

Тағы бір желу қолданушысы «Алатауымыздан айырылдық, қабіріңіз нұрға толсын, Мұхтар ата!. Сіздей батырлар туа бересін, көбейе берсін қазақта!» деп еске алған.

Айта кету керек, бұл бейнежазба 2019 жылдың желтоқсан айында жарияланған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button