Қоғам

Сарбаздардың бешбармақ жеп, ұялы телефон ұстайтыны рас па?

Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков телеарналардың біріне берген сұқбатында еліміздің қорғаныс саласында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын әрі осы осының аясында сарбаздардың ас мәзіріне өзгерістер енгізілетінін айтқан еді.

Нақты айтар болсақ, әскерлердің ас мәзіріне «Швед үстелі» үлгісі қолданыла бастаған. «Онда әр сарбаз өзі таңдап алатындай 3-4 түрлі «бірінші» және «екінші» ас дайындалады. Пилоттық жоба сәтті іске асса, бүкіл Қарулы күштерге енгізіледі. Әскери қызметшілердің ас мәзіріне ұлттық тағамдар да қосылды», — деген еді.

Сондай-ақ ол елімізде сарбаздарға ұялы телефон қолдануға рұқсат етілгенін айтады. Бұрын тек сенбі, жексенбі күндері ғана ұстауға болатын. Айтуынша, бұл да сол әскердегі қауіпсіздікті арттыру үшін жасалып отыр.

Тілшіміз осы мәселе бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің пікірін біліп көрді. Сұқбат барысында Мұстабеков сарбаздарға ет берілетінін растады.

— Әскери бөлімдерде ет тартылатыны туралы ақпарат шықты. Соған қатысты айтып өтсеңіз, бұл жоба қашаннан бері енгізіліп жатыр?

— Қазіргі уақытта мамыр айынан бастап пилоттық жоба іске қосылды. Осы пилоттық жоба аясында 3-4 әскери бөлімде «швед үстелі» жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, аталған жүйе барлық әскери бөлімдерге таратылады.

Күнделікті ет беріледі ғой, иә?

— Иә, ет беріледі. Бірақ күнделікті емес, белгіленген күндері бар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tiek ақпарат порталы (@tiek.kz)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button