Қоғам
Тренд

Назарбаевқа күрделі операция жасалды

University Medical Center (UMC) Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады, деп хабарлайды Orda.kz.     

Таралған ақпаратқа сенсек, Нұрсұлтан Назарбаев жүрегіне ота жасатып, қазір ауруханада жатыр.

Елдің бас кардиохирургы Юрий Пяның айтуынша, операция шұғыл болмаған — ол жоспарлы түрде жүргізілген. Хирургиялық араласу өткен жылы-ақ жоспарланған, алайда тұңғыш президенттің жұмыс кестесіне байланысты кейінге қалдырылған.

Ота шамамен екі жарым сағатқа созылып, сәтті өткен. Қазір Назарбаевтың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Егер жағдайы жақсы болып қалса, жақын арада оны ауруханадан шығару мүмкін.

UMC баспасөз қызметі Назарбаевқа жасалған операция туралы БАҚ-та тараған ақпаратты теріске шығармағанымен, оның «өзектілігін жоғалтқан әрі ескірген ақпарат» екенін атап өтті.

«Қоғамды жаңылыстырмау үшін шындыққа жанаспайтын немесе өзектілігін жоғалтқан мәліметтерді таратудан бас тартуды сұраймыз», – деп қосты UMC өкілдері.

Осылайша, Назарбаевтың отаны нақты қашан өткергені белгісіз болып қалып отыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button