Қоғам
Тренд

«Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевқа батыр атағын беруге Сағадат Нұрмағанбетов қарсы болған» — тарихшы

Қазақстан халқы  Ұлы Отан соғысына үлкен үлес қосты. Майданға 1 миллионнан астам қазақстандық аттанды.

Соғыс жылдары 497 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, көптеген жауынгерлер орден-медальдармен марапатталды.Тарихшы Ғабиден Жәкейдің айтуынша Бауыржан Момышұлының атақ алуына Сағадат Нұрмағанбетов қарсы болды дейді.

Қасым Қайсенов маған көзі тірісінде бір аманат айтып кеткен еді. Ол: «Мен дүниеден өткен соң осыны айт», — деген болатын. 1965 жылы Мәскеуден комиссия келді. Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаевқа совет одағының батыры атағын берейік деп. Бәрі келісті тек бір адам қол қоймай қойды дейді. Ол — Сағадат Нұрмағанбетов болды. Кейін бұл мәселе қайта көтерілгенде, “қайтыс болған адамға атақтың не қажеті бар?” деген пікір айтылды», — дейді тарихшы.

Одан бөлек жұмыс істеп, қорғаныс өнеркәсібін дамытуға атсалысты. 1941 жылдың күзінде Украина, Белоруссия, Ленинград және Мәскеу кәсіпорындары Қазақстанға көшірілді. Украина республикаға 70-ке жуық, Мәскеу 40-қа жуық зауыт, фабрика, электр станцияларын, механикалық шеберханаларын көшірді. Қазақстанға барлығы 220 фабрика, зауыт келіп, өнім шығара бастады. Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе эвакуацияланған зауыттар мен фабрикаларды орналастырудың негізгі аудандарына айналды. Республиканың жұмысшы табының қатарына 3200 кенші, 2000 Донбасс шахтасының құрылысшылары, Воронеж және Луганск қалаларынан 2000-ға жуық машина жасаушылар, елдің орталық аудандарынан 7 мыңға жуық инженерлік-техникалық мамандар қосылды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майданның басты арсеналдарының біріне айналды.

1942 жылдың өзінде республика бүкілодақтық қорғасын балқытудың 85% — дан астамын, 90% мысты, жалпыодақтық көмір өндірудің 1/8% — ын, елде өндірілетін молибденнің 60% — ын, мыстың 30% — ын, полиметалдардың 70% — ын берді. Соғыс жылдары Қазақстан  4829 мың тонна астық, 1193 мың тоннадан астам қант қызылшасын, 600 мың тонна ет берді. Сонымен қатар, республиканың малшылары Қызыл Армияға 110 мың жылқы берді, бұл 10-нан астам кавалерия дивизиясын жабдықтауға мүмкіндік берді.

Дереккөзі: Стан.кз

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button