Саясат

Президент әкімшілігінен кеткен Айбек Дәдебай Әділет партиясын басқаратын болды

Президент әкімшілігінен кеткен Айбек Дәдебай Әділет партиясына баруы мүмкін деген ақпарат рас болып шықты, деп хабарлайды tiek.kz.

Астанада «Әділет» партиясының құрылтай съезі өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның жаңа төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, съезге Қазақстанның барлық өңірлерінен келген делегаттар қатысқан. Жиын барысында партияның бағдарламасы мен жарғысы бекітіліп, басқарушы органдар айқындалды. «Әділет» партиясы әділеттілік, жауапкершілік, патриотизм, еңбек және даму құндылықтарына негізделген саяси ұйым ретінде құрылып отыр.

Съезге ел бойынша шамамен 1 мың делегат қатысқан.

Мемлекет басшысының жарлығымен 5 мамыр күні Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметінен босатылған еді.

Оның орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тағайындалды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button