Референдум
Тренд

«Қыдыр ата, робот ит жетектеген халатты қыз»: ел тұрғындары дауыс беруге айрықша ат салысып жатыр

Ел тұрғындары дауыс беруге айрықша ат салысып жатыр, деп хабарлайды tiek.kz.

Мәселен, Астанадағы сайлау учаскесіне ақ халат пен тәпішке киген қыз робот-итпен бірге дауыс беруге келді. Дауыс беру процесінде робот-ит белсендімен бірге сайлау учаскесінде болды. Қыз тіркеліп, бюллетенін сайлау жәшігіне тастаған.

Айтпақшы, ол Ол АЭС салу бойынша референдумға да осылай келген екен.

Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата тұрғындарға бата беріп, содан кейін өз таңдауын жасаған.

«Наурыз – береке мен молшылық әкелсін, отбасыларың аман болсын, ел бірлігі нығайсын!», – деді ол.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button