Референдум
Референдум: Премьер-министр Олжас Бектенов пен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді

Премьер-министр Олжас Бектенов референдумда дауыс берді.
Олжас Бектенов өз таңдауын елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде жасаған.
Референдум басталғалы бір сағаттан асты Алғашқы бір сағатта өз Конституциялық құқықтарын пайдаланып таңдау жасағандар қатарында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов те болды.



