Референдум

Шетелде референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды

Шетелде Конституция бойынша республикалық референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.

Ең бірінші болып Сеул мен Токиода дауыс беру үшін ашылды.

Сеулде №422 және Токиода №425 сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де дауыс беру үшін бірінші болып ашылды.

«Шетелдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс беру барысы туралы ақпарат біздің каналымызда жүйелі түрде берілетін болады», – делінген СІМ хабарламасында.

Қытай

Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігінде, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай, Сиань және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтарында жұмысын бастады.

Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де қазақстандық дипломаттар мен сайлау комиссияларының мүшелері Қытайдағы дауыс беру учаскелерінің ашылу салтанатын өткізіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады.

Дауыс беруге Қытай аумағында тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Қытайдың төрт қаласындағы учаскелерде дауыс беру Астана уақыты бойынша 04:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін) өтеді.

Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды толтыру учаскелік сайлау комиссиялары тарапынан жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады.

 

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button