Референдум
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдумда дауыс берді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді.
Ол өз таңдауын елордадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы №129 учаскеде жасады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс берушілер референдум күні тіркелген жері бойынша учаскеге барып дауыс береді. Ал ешқайда тіркелмеген азаматтарға дауыс беру учаскесіне бір тәулікке тіркелу мүмкіндігі қарастырылған.



