Заң үстемдігі

«Самұрық-Қазына» қорында тағы бір басшы ұсталды: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында тағы бір лауазымды қызметкердің ұсталғаны расталды. Оған қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Самұрық-Қазына» қорының баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

«Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қор департаменттерінің бірінің қызметкерін ұстау оның бұрынғы еңбек қызметіне байланысты мән-жайларға қатысты және қазіргі лауазымдық міндеттерін орындауына қатысы жоқ», – деп мәлімдеді қор өкілдері.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті де аталған қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайтынын хабарлады.

Еске сала кетейік, 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button