Қоғам

Вице-президенттер мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары: Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізімі жаңарды

Қазақстанда Ұлттық пантеонда жерленуге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізімі кеңейді. Енді олардың қатарына вице-президенттер мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары қосылды.

Үкімет тиісті қаулысындағы өзгеріске сәйкес, Ұлттық пантеонда:

Қазақстанның вице-президенттері;

— премьер-министрлері мен олардың орынбасарлары;

— Құрылтай төрағасы мен орынбасарлары;

— Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы мен орынбасарлары;

— Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары жерленеді

Сондай-ақ бұл тізімге мемлекеттік хатшылар, мемлекеттік кеңесшілер, Президент Әкімшілігінің басшылары, Конституциялық кеңес, Конституциялық сот, Жоғарғы сот және Ұлттық банк төрағалары, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарлары енгізілген.

Бұған қоса министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері бар.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button