Қоғам

Түркістан облысында көп балалы аналарды жәрдемақыдан тас тартуға мәжбүрлеп жатқаны рас па?

Бас тартасыз ба, жоқ па, бізге нақты бір жауап беріңіз, басшымыз соны талап етіп отыр

Желіде түркістандық әйелдің жазбасы тарап жатыр. Айтуынша, Түркістан қалалық Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау басқармасынан екі маманның үйіне келіп, көп балалы ана ретінде алып отырған жәрдемақыдан бас тартуға мәжбүрлеген.

18 қазан күні, сенбі күні, менің үйіме Түркістан қаласынан, «Собес» қызметкеріміз, яғни «Жәрдемақы, зейнетақы тағайындау басқармасынан» келіп тұрмыз деп екі әйел келді. «Атыңызда үй, көлік бар екен, «А» категориясындағы отбасына жатасыз. Қаңтар айына дейін жәрдемақыдан өз еркіңізбен бас тартуыңыз керек» дейді. Бұл менің үйім емес, машина несиеге алынған», — дейді жазбадағы әйел.

Сондай-ақ ол өзіне қатысты жеке деректерінің бейтаныс адамдардың қолында жүргеніне ренішін білдірген.

«Мен өз тарапымнан табысымды есептеп көрдім: қанша кредит төлеп жатырмын, сонымен қатар мүгедек балам бар, оның оңалту орталығы бар, бәріне төлеп отырмын. Тіпті қазір декреттегі анамын.
Маған бір жарым жасқа дейінгі жәрдемақы да берілмейді, қазір қолымдағы тек төрт баланың ақшасы мен жолдасымның айлық табысы ғана.

Мен бәрін осылай түсіндіріп жатсам, екінші адам жасырын түрде видеоға түсіріп отыр.

Кез келген басқарма немесе «Собес» қызметкері келіп, менің рұқсатымсыз видеоға түсіріп: «Сізге қаңтар айында хабарлама келгенде бас тартасыз ба, жоқ па, бізге нақты бір жауап беріңіз, басшымыз соны талап етіп отыр» дейді.

Бұл мемлекеттің тапсырмасы ма, әлде не болғанын мүлдем түсінбедім. Неге менің мекенжайым мен жеке деректерім көшеде жүрген бейтаныс адамдардың қолында жүр?

Олар маған ешқандай куәлік көрсеткен жоқ, өздерін де дұрыс таныстырған жоқ.

Артынша таныстарымға хабарлассам, олардың да үйлеріне осындай сипаттағы адамдар келіп жатыр екен.

Сонда біздің кез келген жеке мәліметіміз осылай сыртқа тарап кете бере ме? Ешқандай себепсіз келіп: «А категориясындағы отбасысың» десе, бәрінен бас тартып отыруымыз керек пе? Бұл сұраққа кім жауап береді?», — дейді Әсел есімді қолданушы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асель | Махаббатқа толы өмір❤️ (@asel.daily.moments)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button