Қоғам

«Әке тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің негізі»: Жамбыл облысында аудандық Әкелер форумы өтті

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында әкенің отбасындағы рөлі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына арналған «Әке тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің негізі» атты аудандық форум өтті, – деп хабарлайды Tiek.kz аймақтық «Құлан» медиасына сілтеме жасап.

Әке – отбасының ғана емес, бүкіл ұлттың тірегі, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін басты тұлға. Осы қағиданы негізге алған ауқымды басқосуда әкенің қоғамдағы беделі, бала тәрбиесіндегі тікелей жауапкершілігі және ұлттық құндылықтарды жас буынның бойына сіңіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Отбасы – алтын бесік

Форум барысында отбасы институтын нығайту мен әке мәртебесін көтеруге қатысты өзекті тақырыптар ортаға салынды. Жиынға қатысушылар ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің орнын ерекше атап өтті:

«Әке — отбасының тірегі, аналардың жүрегі. Бала тәрбиесіндегі ең ерекше орын алатын әке. «Әкеге қарап ұл өсер»- дейді. Балаларымыздың барлығы жақсы болып өссе, саналы болып өссе, мықты болып өссе, елін қорғайтын азамат болып өссе. Ол — біздің болашағымыз, ұрпағымыз. Сондықтан да әкелеріміздің тәрбиесіне ерекшек көңіл бөлініп жатқаны орынды деп ойлаймын. Осы бағытта жұмыс істейміз»-деді аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғұтов

Тәрбиелік мәні зор қойылымдар

Іс-шара тек баяндамалармен шектелмей, креативті форматта өтті. Форум барысында әке мен бала арасындағы шынайы қарым-қатынасты бейнелейтін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, көрерменге ой салатын, тәрбиелік мәні жоғары сахналық қойылымдар ұсынылды.

Қатысушылар бұл жиынның әкелер қауымына үлкен ой салып, отбасындағы әке беделін арттыруға және ұлттық құндылықтарды кейінгі буынға аманат етуге үлкен септігін тигізетініне сенім білдірді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button